Ссылки доступа

Тәжікстанда жер сілкінісі күнде тіркеледі


Тәжікстанның Ғылым академиясының президенті Фарход Рахими желтоқсан айынан бері елде күнде жер сілкінісі тіркеледі деп мәлімдеді.

Олардың көбінің күші төмен, қауіп төндірмейтінін айтады.

«Елге байбалам салудың қажеті жоқ», - деді Рахими 14 қаңтарда болған баспасөз мәслихаты кезінде.

Таулы өзен Сарезге қатысты оның бұзылмағанын айтты.

2015 жылдың 7 желтоқсанында Тәжікстанда магнитудасы 7,2 бал болатын күшті зілзала орын алды.

Табиғат апатынан екі адам қаза тапты. Жүздеген үй қирады. Бірнеше мыңдаған адам қансыз қалды. Үкімет комиссиясының мәліметі бойынша, зілзала шығыны 3,5 миллион доллардан асып түскен.

XS
SM
MD
LG