Ссылки доступа

Өзбекстанда ата-аналардың туған нәрестелерін сату оқиғалары жиіліген


Өзбектердің өз балаларын сатқан дәйектер Өзбекстанның ішінде де, шетелде де тіркеліп жатыр.

«Право» («Ҳуқуқ») өзбек газетінің жазуынша, алтыншы баласына аяғы ауыр.

Халида Зарипова кіші сіңлісімен сәбиі босанған соң, оны сату жөнінде ақылдасқан. Алдын-ала жоспарлары бойынша, Зарипова дүниеге келетін нәрестесін сатып 1800 АҚШ долларын алмақшы болған, ал ортадағы делдал Ахророваға – 400 АҚШ долларын бермекші болған.

Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды ұстап, жауапкершілікке тартқан.

Бұл Өзбекстандағы бала сатуға қатысты бірінші оқиға емес.

Сонымен бірге Ресейдегі өзбек мигранттарының балаларын сатпақшы болған оқиғалар тіркелген.

Мұнан бөлек, Ауғанстандағы Майман қаласындағы этникалық өзбектер де балаларын сатып, ақшаны өздерінің қажеттіліктеріне жұмсай бастағандығы жөнінде ауған баспасөзінде жиі жазыла бастады.

Бақылаушылардың пікірінше, елдегі экономикалық жағдай әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылардың туған балаларын сатуларына әкеліп жатыр.

XS
SM
MD
LG