Ссылки доступа

Қырғызстан азаматтары Ресейде енді бір ай ғана тіркеусіз жүре алады


Қырғызстан азаматтары Ресей аумағында бұдан былай тіркеусіз 30 күн ғана жүре алады.

Бұрын ондай мерзім 90 күнге тең еді. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметінің өкілі хабарлады.

Баспасөз қызметінің дерегінше, 2015 жылы маусымның 19-да қол қойылған Ресей мен Қырғызстан арасындағы азаматтардың екі ел аумағында жүріп-тұру тәртібі туралы келісімге сәйкес тіркеусіз жүру мерзімі 90 күннен 30 күнге қысқарды. Соған сәйкес РФ азаматтары да Қырғызстан аумағында тіркеусіз 30 күн жүре алады.

XS
SM
MD
LG