Ссылки доступа

Түркіменстанда мемлекеттік мекемелер айлықты не бар, сонымен төлеп жатыр


Түркіменстанда қаржылық қиындыққа байланысты мемлекеттік мекемелерде айлықты уақытында төлеу қиындыққа әкеліп жатыр.

«Түркіменмалдары» мемлекеттік бірлестігі еңбек ақыны қоймен беріп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың түркімен қызметі.

Ахал уәләяты мал шаруашылығы комплексінде жұмыс істейтін Селим мемлекеттік бірлестікте қолма-қол ақша жоқ болғандықтан, жұмысшыларға айлықты малмен төлеп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, бір мал - 270 манатқа бағаланады.

«Бір қой — шамамен 16-18 килограмм ет. Жұмысшылар амалсыздан еңбек ақысын малмен алуларына тура келеді. Олар басқа не істей алады?», — дейді Селим.

Оның сөзінше, малды базарға апарып сатады, солай қолдарына ақша алады.

XS
SM
MD
LG