Ссылки доступа

Тәжікстан президентінің үлкен ұлы қайта сайланды


Бүгін Тәжікстан футбол федерациясының есеп беру жиынында Рустами Эмомалиді Тәжікстан футбол федерациясының президенті етіп қайта сайлады.

Рустами Эмомали осымен төртінші жыл ұлттық футбол федерациясын басқарады.

Конференцияда Рустами Эмомали 2012-2015 жылдардағы жұмысына есеп берді. Әрі алдағы төрт жылдың жоспарын да мәлім етті.

Тәжікстан президентінің үлкен ұлы бұл орынға бірінші рет 2012 жылы 25 жасында сайланған. Оған дейін футбол федерациясын Тәжікстанның халықтық майданының командирі Сухроб Косимов он жыл көлемінде төрағалық еткен.

XS
SM
MD
LG