Ссылки доступа

Каримов қызы Гүлнәрдың Еуропадағы "тұтқындалған" ақшасын қайтарып алуды көздейді


Өзбекстан үкіметі Еуропа банктеріндегі «тұтқындалған» 1 миллиард АҚШ долларын қайтарып алуға әрекеттеніп жатыр.

L'Hebdo швейцарлық газетінде «Әкесі Каримов ханшайым қызының ақшасын қайтарып алғысы келеді» деген тақырыпта мақала жарық көрді. Онда өзбек билігі АҚШ-тың әділет министрлігіне өтінішпен шыққандығы жазылған.

Мақала авторы Франсуа Пиле Еуропадағы қаржыны қайтарып алу үшін Өзбекстан үкіметі «Holwell Shuster&Goldberg» деп аталатын америкалық адвокаттық компанияны жалға алғанын айтады. 4 қаңтар күні Өзбекстанның әділет министрінің қолы қойылған арыз Нью-йорк сотына жіберілген.

Хатта есеп шоттағы «тұтқындалған» ақщаның 500 миллион доллардан астамы Өзбекстанға тиесілі екені айтылған. Бірақ бұл хатта Гүлнәр Каримованың аты-жөні айтылмайды. Онда тек Гүлнәрдың көмекшісі - Гаяна Авакянның, көңілдесі Рустам Мадумаровтың, Бахадыр Эргашевтың және тағы басқа азаматтардың есімдері аталған.

Өзбекстан билігі арызда аталған азаматтар коррупциялық іс-әрекеттері үшін жазаланды, енді ақша Өзбекстанға қайтарылуы қажет деп көрсеткен.

XS
SM
MD
LG