Ссылки доступа

Қырғызстан футболдан Ынтымақтастық кубогында Беларусьті ұтты


Қырғызстанның жастар құрамасы (U-22) Санкт-Петербургте 17-23 қаңтар аралығында өтіп жатқан футболдан Ынтымақтастық кубогының бірінші турында Беларусьті 1:0 есебінде жеңді.

19 қаңтарда қырғызстандықтар Молдовамен ойнайды. 21 қаңтарда болатын қорытынды үшінші турда Қазақстанмен кездеседі.

Ескерте кетейік, тур 24- рет өтіп жатыр. Бұл жолы өткен жылы секілді 12 емес, 8 жастар құрама командасы қатысып жатыр.

Жеребе бойынша мынадай топтарға бөлінді:

А тобы: Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Молдова.
В тобы: Латвия, Эстония, Ресей, Тәжікстан.

Турнирдің ашылу салтанаты 17 қаңтарда өтті. Жабылу шарасы – 23 қаңтарда сағат 21.00-да болады.

XS
SM
MD
LG