Ссылки доступа

Өзбекстан мақта өнімін қысқартпақшы


Өзбекстан билігі алдағы төрт жылда мақта өнімін 3 миллион 350 мың тоннадан 3 миллион тоннаға қысқартпақшы.

Бұл жөнінде Өзбекстан президенті Ислам Каримов Тәшкентте өткен министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Каримовтің сөзінше, қысқартудың себебі баға түскен әрі әлемдік нарықта мақтаға деген сұраныс төмендеген.

Сонымен бірге Өзбекстан президенті мақтадан босаған 170,5 мың гектар жерге көкөніс егіледі деді. Бірінші кезекте картоп, жүзім, жемшөп базалары құрылады екен.

Мақта Өзбекстанның басты экспорттық өнімі болып табылады. Жыл сайын күзде халықты жаппай мақта теруге шығарады.

Халықаралық ұйымдар Өзбекстан билігін мақта теруде адам еңбегін мәжбүрлі түрде пайдаланады деп сынға алып келеді.

XS
SM
MD
LG