Ссылки доступа

Мигранттар Ресейді тастап кетіп жатыр


Ресейдің миграциялық қызметінің мәліметінше, өткен желтоқсан айында Тәжікстаннан келген еңбек мигранттарының саны 3,8 пайызға қысқарып, 862 мың 321 адам қалған.

Өзбекстан азаматтарының саны да бірден түсіп жатыр — бір айдың ішінде 4,1 пайызға қысқарған. Қазір Ресей аумағында бұл елдің 1 млн 800 азаматы қалған.

Алайда Ресейге келіп жатқан қырғыз азаматтарының саны екі пайызға көбейген. Бүгінде олардың саны — 553 мың 910 адам.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бері Ресейде шетелдік азаматтар үшін тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлік патенті барлар ғана визасыз жүйеде жұмыс істей алатын тәртіп енгізген.

XS
SM
MD
LG