Ссылки доступа

Сеул мен Пхеньян үгіт-насихат соғысын жүргізуде


Бүгін ресми Сеул өткен аптада Пхеньянның Оңтүстік Корея аумағына бір миллионға жуық үгіттеуші үнпарағын тастағанын хабарлады.

Ел билігі үнпарақтарды шекара асыру үшін, Пхеньян гелий үрленген аэростаттар пайдаланатынын мәлімдеді. Мұның алдында Оңтүстік Корея көршісінің аумағында танымал кәріс әндері мен үгіт-насихат хабарламаларын таратуды қайта бастаған еді.

Екі ел арасындағы үгіт науқаны Пхеньян қаңтардың 6-да сутекті бомбасын сәтті сынақтан өткізгені туралы жариялаған соң қыза түсті. АҚШ пен Оңтүстік Корея Пхеньянның мәлімдемесін қуаттайтын дәлел жоқ деп санайды.

Оңтүстік Корея енді Солтүстік Кореямен шекара бойына үгіт-насихат материалдарын көрсететін алып электронды билбордтар орнатуды ойластыруда. Оңтүстік Корея үгіт насихат парақтарын шекарадан асыруды 2004 жылы тоқтатқан еді, алайда жеке ұйымдар бұл тәдірибені күні бүгінге дейін тоқтатпаған болатын.

XS
SM
MD
LG