Ссылки доступа

Байлардың бір пайызы жер шарының халқынан ауқатты тұрады


Oxfam халықаралық ұйымының соңғы зерттеуінше, әлемдегі шіріген байлардың бір пайызына жататындардың байлығының жалпы сомасы адамзаттың қалған бөлігінің табысын қоса алғандағыдан да көп.

Ұйымның бұл зерттеуі Швейцарияның Давос қаласындағы Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланды.

Oxfam өз зерттеуінде 62 ең бақуатты адам жер бетіндегі 3,5 миллиард кедейдің қолындағысын қоса есептегеннен артық ақшаға ие екенін көрсетеді. 2010 жылдан бері, аталған 62 адамның байлығы 44 пайызға өскен. Осы байлардың жартысына жуығы АҚШ-та тұрады, 17-сі еуропалық, қалғаны Қытай, Бразилия, Мексика және Жапония секілді елдердің азаматтары.

Ұйым келтірген дерек бойынша, олардың капиталының 7,6 триллион долларға тең бөлігі оффшорлық аймақтардағы есепшоттарда жатыр. Олардан алынатын табыс салығы әлем елдеріне қосымша 190 миллиард доллар табыс әкелер еді. Осы күні БҰҰ қақтығыстар мен табиғат апаттарынан зардап шеккендерге берілетін жыл сайынғы қосымша шығыс көлемі шамамен 15 миллиард доллар болатыны туралы жариялады. БҰҰ баяндамасында гуманитарлық көмекке қажет қаржының тапшы бөлігін концерттер мен футбол ойындарының билеттеріне қосымша салық салу, сонымен бірге исламдық қаржыландырудың тәсілдерін пайдалану және қайырымдылық шаралары арқылы жинау ұсынылған.

XS
SM
MD
LG