Ссылки доступа

Теңге күн санап «әлсіреуде»


Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы бүгін 372,58 теңгені құрады.

Бұл Қазақстанның Ұлттық банкінің дүйсенбі, қаңтардың 18-не белгілеген ресми бағамынан 11,68 теңгеге қымбат. Алматының валюта айырбастау бекеттерінде доллар 375 теңгеден сатылуда.

Теңге мұнайдың арзандауының әсерінен әлсіреуде. Brent маркалы мұнайдың баррелі әлем нарықтарында Ираннан санкциялар алынып тасталған соң одан әрі құлдырауда. Инвесторлар әлемдегі басы артық мұнай қорының өсіп кетуінен қауіптенеді. АҚШ пен Еуропа елдері өткен демалыста Тегеранның ядролық бағдарламаларын тоқтатуына байланысты мұнай өндіретін осы елден халықаралық санкциялардың бір бөлігі жойылатынын мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG