Ссылки доступа

ҰМҚК қызметкеріне пара берген ТЖМ база бастығы ұсталды


Қырғыз республикасының ҰМҚК жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ТЖМ-нің Ыстықкөл облыстық төтенше жағдайларға қарсы механикаландырылған базасының бастығын парамен ұстады.

Арнайы қызмет органының баспасөз қызметі ұсталған күдіктінің шаруашылық қызметін тексеру барысында жетпей қалған 9 миллион 581 мың сомның мүлкін жасыру үшін қауіпсіздік қызметкеріне 40 мың сом бермек болғанын хабарлады. «Қаңтардың 15-і күні жедел іздестіру-тергеу амалдарының нәтижесінде механикаландырылған базаның бастығы 35 мың соммен ұсталды», - делінген хабарламада.

Бұл оқиға бойынша ҰМҚК Ыстықкөл облыстық басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК 314-ші бабымен (пара беру) іс қозғады. Күдікті Қарақол қаласындағы ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалды.

XS
SM
MD
LG