Ссылки доступа

Өзбек әуе желілерінің ұшақтарында видеоға,суретке түсіруге тыйым салынды


Өзбекстанның ұлттық әуе компаниясының («Узбекистон хаво йуллари») жолаушылары ұшақта видеоға, суретке түсіре алмайтын болды.

Ұшақпен ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік инспецияның бастығы Толиб Ульжаев осындай бұйрық шығарған. Бұл туралы қаңтардың 18-і күні Podrobno.uz басылымы хабарлады.

Ульжаевтың бұйырығымен жолаушылардың әуе кемесіндегі жүріп-тұру тәртібінде элеткронды және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салатын шектеулер кеңейтілген.

Бұған дейін ұшақтың ұшу және қону кезінде электронды және байланыс құралдарын пайдалануға ғана тыйым салынған еді. Бұл өзгерістер ұлттық әуе компаниясының басшылығымен мақұлданған.

XS
SM
MD
LG