Ссылки доступа

Алматы декларациясы қырғыз-тәжік шекарасындағы дауды шешуге септігін тигізе алмады


Қырғызстан үкіметі қырғыз-тәжік шекарасына қатысты келісімнің жобасын әзірлеп, Жогорку Кенешке жіберді.

Көптеген жылдар бойы қырғыз және тәжік тарабы шекараға қатысты даулы учаскеге байланысты тіл табыса алмай келеді. Бұл шекара маңындағы аудандарда жиі кикілжіңнің болуына әкеп соқтырады.

Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметінің өкілдері өткен жылдың қараша айында аталған жобаны талқылаған болатын. Сол кезде учаскеге қатысты құжатқа қол қоюға келіскен.

Үкімет деңгейінде 520 шақырым қашықтықты алып жатқан шекара сызығы белгіленген.

Алдын Қырғызстан мен Тәжікстан шекараны белгілеу кезінде ескі картаға байланысты емес, Алматы декларациясына сәйкес шешуге тырысқан. 1991 жылы қабылданған Алматы декларациясына сәйкес, әр мемлекет тәуелсіздік алғанда болған шекарада қалады. Ал даулы жер бөлек қаралады деп келісілген. Алайда олар жерлерін айырбастап, басқа шешім қабылдады.

XS
SM
MD
LG