Ссылки доступа

Украина Донбасстағы жағдайдың ушыға бастағанын мәлімдеді


Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Ресей мен жікшілдердің Донбасстағы жағдайды ушықтыруға тырысып отырғаны туралы ресми түрде құлағдар етті.

Бұл туралы елдің халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдігі хабарлады. Украина халықаралық қауымдастықтың назарын «Ресейдің минск келісімін менсінбей отырғанына және Донец пен Луганск облыстарының кей аудандарындағы оқиғаларға жауапты екендігіне» назар таударғысы келеді.

Хабарламада үшжақты байланыс тобының соңғы кездесуіндегі оқ атуды тоқтату туралы мәмілеге қарамастан, украин әскери бөлімдеріне қарсы арандатудың тыйылмай отырғаны туралы айтылған. Қаңтардың 17-де украин әскері мен азаматтық нысандар 48 мәрте оқтың астында қалса, оның алдындағы күндері 36 және 40 мәрте оқ жаудырылған.

Киевтің пікірінше, мұндай арандатушылықтар Украина мен халықаралық қауымдастықтың бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға жұмылдырған әрекетін зая кетіреді және «бейбіт келісімнің саяси бөлігін жүзеге асыру жолдарын мүмкін қылмайды».

XS
SM
MD
LG