Ссылки доступа

Ресейге көшу қайта жанданды


Экономикалық дағдарыс Орталық Азиядан көшудің жаңа толқынын тудырды.

Тәжікстанда 1 200 отбасы Ресейге қоныс аудару туралы куәлік алған. Жыл өткен сайын елден кеткісі келгендердің саны артуда. Федералды көші-қон қызметінің Тәжікстандағы өкілдігі биыл ақыл-кеңес алғысы келгендердің маусым айына кезекке жазылып жатқанын хабарлады.

"Бағдарлама бойынша білу үшін консультацияға жазылғандар саны 2013 жылдан бері есептегенде 26,5 мың адам болды.", - дейді Ресейдің Федералды көші-қон қызметінің Тәжікстандағы өкілдігінің жетекшісі Владислав Маркевич.

Бағдарламаға қатысуға бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары өтініш бере алады. Ниет білдіргендердің орыс тілін білуі және Ресейдің мәдениетіне қатысы болуы шарт. Бірақ, ең бастысы – жақсы білімі мен тәжірибесі болуы тиіс.

РФ ФКҚҚ өкілдерінің айтуынша, өтініш бергендердің дені жоғары білімді немесе арнайы білімі бар жандар. Олардың қатарында дәрігерлер, педагогтар, спортшылар, техникалық мамандық иелері, жеке кәсіпкерлер бар. Енді олар Ресейде өздерін жақсы болашақ күтіп тұрғанына, мүмкіндіктердің мол екендігіне сенімді.


XS
SM
MD
LG