Ссылки доступа

Аман Төлеевті ренжіткен журналистке Украина саяси баспана берді


2016 жылдың қаңтарында Украинада ресейлік журналист әрі блогер Дмитрий Шипиловқа  саяси босқын мәртебесі берілді.

Бұл туралы журналистің өзі Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті. Босқын куәлігінің суретінің астына ол: «Он айлық сергелдең аяқталды, бәріңізге рахмет.»,- деп жазды.

2012 жылы ресейлік сот губернатор Аман Төлеевті қорлады деп танылған жазбалары үшін кемеровтық журналист Дмитрий Шипиловты 11 айлық түзеу жұмыстарына кескен еді. Шипилов түзеу жұмыстарынан бас тартқаны үшін Кемеров соты оның жазасын үш айға қоныс-колониясында өтеуге ауыстырған болатын және Подмосковьеде ұсталған журналисті Кемерово қаласына кісенмен әкелген еді. Желтоқсанның 29-да жазасын толық өтеген журналист бостандыққа шықты. 2015 жылдың ақпанында Шипилов Ресейден кетіп қалды.


XS
SM
MD
LG