Ссылки доступа

Түркіменстанда темекі қат


Елдегі дүкен сөрелерінен темекі жоғалып кетті.

Салауатты өмір салтына ұмтылған ел басшылығы темекі сатуға тыйым салып, оның бағасын күрт көтеріп жіберді.

«Хроники Туркменистана» басылымы бұған жыл басында дені сау қоғамның қауіпсіздігі мәселесі бойынша жұмыстарға көңілі толмаған Гурбангулы Бердімұхаммедовтың, салауатты қоғам қауіпсіздігін қорғау қызметі басшысының лауазымын төмендетіп тастағаны себеп болғанын жазады. Осыдан кейін билік темекі тартуға қарсы қатаң шаралар қолдана бастаған. Дүкендер мен базарларда темекі сатуға толық тыйым салынды. Темекі сатқан сатушы 10 төменгі жалақы көлемінде (5 900 манат немесе 1680$) айыппұл төлейді.

Қазір темекіні таныстардан немесе жасырын сауда орындарынан сатып алуға болады. Дүкен иелері бейтаныс жандарға шылым сатпайды. Темекі саудасына тыйым салынғалы бері, елдегі темекі өнімдерінің бағасы 1,5-2 есеге –әр қорабын үшін 13 долларға өсіп кеткен. Осының әсерінен көптеген шылымқор бір данасы 1.5-2 манат (40 цент) болатын темекіні бір талдап сатып алуға көшкен.

Темекі тартумен ел біраздан бері күресіп келеді. 2011 жылы Түркіменстанда темекі өнімдеріне акциз құны өсірілді. Кейінірек қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салынды. Бұл бір жағынан нәтиже беріп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Түркіменстан шылымқорлар саны ең аз елдер қатарында

XS
SM
MD
LG