Ссылки доступа

Ресей мен ТМД елдерінің экономикасы одан әрі нашарлайды


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ресей экономикасына қатысты жағымсыз болжамын жариялады және ұйым ТМД елдерінің экономикасын да баяулайды деп санайды.

ХВҚ Ресей экономикасы 2016 жылы 1%-ға кемиді (қазан айындағы есепте құлдырау 0,6% болатыны туралы көрсетілген еді), ал ТМД елдерінің ЖІӨ 0,5-тен 2,3%-ға дейін қысқарады деп болжауда.

Қор Ресей экономикасы тек 2017 жылы ғана өсе (1 пайызға) бастайды деп күтеді. ТМД елдерінің экономикасы Ресейді есептемегенде 3,2%-дық өсім көрсетеді.

ХВҚ мамандары әлемдік экономиканың өсімі де баяулайды деген пікірде. 2016 жылы бұл көрсеткіш 3,4% болуы мүмкін. Басты себеп – қытай экономикасының тежелуі мен "қайта құрылуы", ірі дамушы нарықтардағы (Бразилия, Ресей) түйткілдер және шикізат бағасының құлдырауында жатыр.

XS
SM
MD
LG