Ссылки доступа

Қырғызстанда мерейтойлар тізімі қысқартылды


Қырғызстан премьер-министрі Темир Сариев 2016 жылдың маңызды деген жалпыұлттық мерейтойлар тізімін бекітті.

Тізімге Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы, 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығы, Тайлақ батырдың 220 жылдығы, Қырғыз АССР-дың 90 жылдығы мен Қырғыз ССР-дың құрылғанына 80 жылдығы енгізілді.

Ал ойшыл Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтілмекші. Алдын үкімет мемлекет деңгейінде аталып өтілетін мерейтойларды қайта қараймыз деген болатын.

XS
SM
MD
LG