Оның сөзінше, дағдарыстың әсерінен экспорт пен импорттың қысқаруына байланысты былтыр берілген уәделер орындалмай қалған.
«Былтыр жалақыны, зейнетақыны және шәкіртақыны өсіреміз деген уәде орындалмай қалды. Бірақ бұл бастама Тәжікстан үкіметі үшін маңызды. Адамдарға жақсы өмір сыйлау президент пен үкіметтің басты мақсаты. 1 шілдеден бастап, жалақыны өсіруді жүзеге асырамыз.
Президент жолдауына сәйкес, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысы 15 пайызға өседі, білім және денсаулық сақтау мекемесі қызметкерлерінің еңбеңақысы – 20 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы – 25 пайызға көтерілмек.
Тәжікстан президентінің сөзінше, елде ең төменгі жалақы 250-ден 400 сомониге өспекші.