Ссылки доступа

Өзбектің танымал екі спорт коментаторын эфирден алып тастады


​«Соккер клуб» және «Футболға шолу» бағдарламасының жүргізушілері Зафар мен Дияр Имомходжаевтарды эфирден алып тастады.

«Спорт» телеканалының басшылығына «Соккер клуб» бағдарламасында футболдағы коррупциялық дәйектер жайында айтылған хабар ұнамаған.

​Танымал спорт журналистері Зафар мен Дияр Имомходжаевтан өзге қызметкерлерді де жұмыстан шығарған.

- Имомходжаевтарды «Касымов компаниясына» (футболист Миржалол Касымов) кіретіндіктен айыптап отыр. Шын мәнінде солай. Олар отбасымен араласады. Мұны Миржалол Касымовты қайтадан Өзбекстан құрамасына әкелу әрекеті деп бағалады.

Шын мәнінде, мұның артында Бабажан (футболдан Өзбекстан құрамасының бапкері) тұруы мүмкін. Ол бұл жөнінде Мираброру акаға (Мираброр Усманов – Өзбекстандағы Футбол федерациясының президенті) айтқан, - дейді «Спорт» телеканалындағы ақпарат көзі.

Дияр Имомходжаевтың «Соккер клуб» сыни бағдарламасы соңғы рет өткен жылдың 1 желтоқсанында эфирге шықты.

XS
SM
MD
LG