Ссылки доступа

Наразылар Молдова парламентіне кіріп кетті


Молдовада наразылық білдірушілер Павел Филипті жаңа үкіметбасы етіп тағайындаған соң, парламентке басып кірді.

101 орынды парламенттің 57 депутаты үкімет басшылығына 49 жастағы Демократиялық партияның мүшесі Филипке дауыс берген. 2011 жылдан бері ол телекоммуникация министрі болып келген.

Молдовада саяси дағдарыс өткен жылдың қазан айынан бері жалғасып келеді. Осыған дейінгі үкімет коррупциялық жанжалдан соң отставкаға кеткен болатын.

Наразылық акциясын ұйымдастырушылар — ресейшлік оппозициялық топтар, бірақ олардың ішінде бірқатар еуропашыл топтар да бар.

XS
SM
MD
LG