Ссылки доступа

Тәжікстанда милиция «сақалды алу» бойынша есеп берді


Тәжікстан милициясы ерлердің өсірген сақалдарына қатысты есеп берді.

Тек өткен жылы Хатлон облысында 13 мың ер азамат сақалдарын алыпты.

Аталған облыстың милиция басшысы Бахром Шарифзода мәжбүрлі түрде 13 мыңға жуық ер адамға сақалдарын алғыздық дейді.

Ішкі істер қызметі сонымен бірге діни киім киген адамдарға қатысты да есеп берді. 2015 жылы екі мыңға жуық әйел адам хиджаб киюден бас тартқан. Хиджаб сататын 162 сауда нүктесі жабылған.

Биліктің хиджаб кию мен сақал өсіруге қарсы күресі өткен жылдың көктемінен бастаған болатын. 8 миллион Тәжікстан халқының 90 пайызы мұсылман.

XS
SM
MD
LG