Ссылки доступа

Кабулдағы жанкештінің шабуылынан жеті адам көз жұмды


Ауғанстан астанасы Кабулда журналистер мінген микроавтобусқа жанкешті-содыр жасаған шабуылдан кем дегенде жеті адам қаза тапты.

Микроавтобуста жергілікті ToloTV телеарнасының қызметкерлері отырған. Бірнеше ай бұрын «Талибан» қозғалысы құрамына бірнеше телеарна, интернет басылым мен радиостанса кіретін ToloTV компаниясын «әскери нысана» ретінде жариялаған еді. Әзірге ешбір топ шабуылды мойнына алмады.

Елдің ішкі істер министрлігі шабуыл салдарынан, кемінде 25 адамның жараланғанын хабарлады. Бұл шабуыл зорлық-зомбылық күшейіп, бірнеше елдің үкіметі «Талибанмен» бейбіт келіссөзді қайта бастамақ боп отырған кезде жасалып отыр.

Кабул полициясының бастығы Абдул Рахман Рахими жанкешті-содырдың Kaboora Production компаниясының жергілікті өкілдігіне тиесілі ToyotaCorolla көлігінде болғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG