Ссылки доступа

Бедел алтыннан қымбат


Канадалық Centerra Gold Inc тау-кен компаниясы Қырғызстанға тәуелділігін азайту үшін «Құмтөрден» өзге жобалармен айналыспақ.

Канадалық инвестор қазір Бору (Монғолия) және Құмтөр кеніштеріне иелік етеді, бірақ олардағы өндіріс көлемі едәуір алшақ. Компания есебіне сәйкес, 2015 жылы Боруда небәрі 500 килограмм алтын өндірілсе, Құмтөр16,2 тонна асыл металл берген.

Сондықтан, 2016 жылы негізгі жұмысты қырғыз кенішінде жүргізіп, биыл 16 тонна алтын өндіру жосапрланған. Канадалық компанияның директорлар кеңесінің мүшесі Кылычбек Шакиров Құмтөрдің алтын қоры кем дегенде 2024 жылға дейін жететінін хабарлады. Және мұнда алтынды ашық әдіспен қазып алуға болады.

Құмтөрдің маңыздылығы мен пайдасына қарамастан, Centerra Gold Inc Қырғызстанда біраз қиындыққа тап болуда. Бірқатар саясаткердің табыс әділетсіз бөлінеді деген сөзінен кейін жергілікті тұрғындар арасында өшпенділік туып отыр.

«Құмтөр» төңірегіндегі саяси айтыс-тартыстар, митингтер аз болған жоқ. Оның аяғы кенішті электр қуатынан ажыратып тастаумен, қызметкерлерді кепілдікке алумен және милициямен қақтығысумен де аяқталған еді. Бұл жағдайлар бірнеше мәрте канадалық компания акцияларының құлдырауына әкеліп, материалдық шығын мен белеіне нұқсан келтірді.

Осыған орай және жобалық қоржынын кеңейту мақсатында Centerra Gold Inc Құмтөрге балама іздей бастады. Бору мен Құмтөрден бөлек, қазір компания Моңғолиядағы Гацурт және Түркиядағы Оксют кеніштерін игеруде.

XS
SM
MD
LG