Ссылки доступа

АҚШ-та қырғыз азаматы жол апатынан қаза тапты


1993 жылы туған Қырғызстан азаматы Алмазбек Таиров желтоқсанның 19-да Сан-Францискода мотоциклімен автокөлік көпірінен құлаған.

GoFundMe интернет платформасының жазуынша, Алмазбек Таиров Kawasaki маркалы мотоциклімен жұмысқа бара жатып, жауыннан кейінгі жолда тізгінге ие бола алмай, биіктігі 6-7 метр көпірден құлаған.

Ауыр жарақаттан ол оқиға орнында жан тапсырған. Оқиға жергілікті уақытпен күндізгі 12.30-да болған.

Марқұмның Сан-Францискодағы отандастары оның мәйітін отанына жеткізу үшін ақша жинауды бастады.

XS
SM
MD
LG