Ссылки доступа

Люля сығандарының мұғалімі


Тәжікстанның Восей ауданындағы люля сығандарының жастары қайыр тілеуді қойғандарын айтады.Олар бұрынғыдай үй-үйді аралап құрғақ нан сұраудың орнына, тұрмыстық зат сатуға көшкен.

Восей люлялары қазір өздерінеарнап ашылған асханадан тамақтанады. Бұл асхана осыған дейін қара нанды талғажау етіп келген сығандардың ас мәзірін өзгерткен.

Асхана иесі Бахтулло Мирзоев бұрын Восей ауданындағы люля сығандарына арналған арнайы мектептің директоры болған. Отыз жыл бұрын ол люлялар тұратын мекенге жақын төңіректен жер алған. 2006 жылы мұғалім люля балаларына арналған арнайы мектеп ашуға үлес қосты және бертінге дейін оның директоры болды. Зейнетке шыққан соң да ол сығандардан кете алмай, ақырында оларға арнап асхана ашты.

​Восей ауданында тұратын люля сығандары Бахтулло Мирзоевтың сыған балаларын оқытып қана қоймай, сығандар тұратына уылға су тартып бергенін айтуда. Мұғалімнің көмегімен біраз сыған жұмысқа тұрып, туу туралы куәлік пен төлқұжат алуға қолдары жеткен.

Асханада күн сайын 30-50 шақты адам тамақтанады. Асхана иесі оларға жеңілдік жасайды. Люлялар сатып алатын әрбір астың бағасы бір сомониға арзан тұрады. Және олар мұнда қарызға ауқаттана алады. Восей ауданында тұратын люля қауымының саны 3 мың адамды құрайды.

XS
SM
MD
LG