Ссылки доступа

Украинада соғысып жатқан өзбектер 10 жылға сотталуы мүмкін


Өзбекстан үкіметі Украинаның шығысында соғысып жатқан азаматтарын қылмыстық жауапқа тартатынын ескертті.

Өзбекстанның Украинадағы елшілігі таратқан баспасөз мәлімдемесінде үкімет әскері мен жікшілдер қатарында Өзбекстан азаматтарының бар екендігі туралы айтылған. Алайда олардың нақты саны белгісіз.

Хабарламада елшілік Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 154-ші бабына сәйкес, шет мемлекеттің аумағындағы әскери қақтығыстар мен әскери ұрыстарға заңсыз қатысқандардың қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеді. Мұндай қылмыс үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

XS
SM
MD
LG