Ссылки доступа

Могадишо: Жағажайдағы мейрамханаға жасаған шабуылдан ондаған адам қаза тапты


Сомали астанасы Могадишо қаласында экстремистердің мейрамханаға жасаған шабуылдың құрбаны 19 адамға жетті.

Шабуыл кезінде жарылғыш зат пен қару-жарақ қолданылған. Терактіге жауапкершілікті «Әл-Каида» ұйымына қатысы барлар алған.

Қаруланған бес ер адам қаладағы жағажайдағы ең танымал «Лидо» мейрамханасына басып кіріп, екі жарылғыш снарядын лақтырып, адамдарға қарсы оқ атқан. Оқиға орнына келген полиция шабуылдаушылармен атысқан. Полиция офицері AFP агенттігіне берген сұхбатында «жиырмаға жуық адам қайтыс болды, олардың дені әйелдер мен балалар» деген.

Полиция өкілінің айтуынша, экстремистерге қарсы операцияны тек 22 қаңтар күні таңертең ғана аяқтаған. Содырлардың төртеуі өлтірілген, біреуі қолға түскен.

XS
SM
MD
LG