Ссылки доступа

Ресей Сириядан қосымша база құруы мүмкін


Америкалық CNN және Fox телеканалдары ресми дерекке жүгініп, Ресей Сирияның солтүстік-шығысынан әуебазасын салу үшін жер таңдап жатыр деп хабарлады.

Олардың пікірінше, Ресейдің бұл қадамы аймақтағы жағдайды одан сайын қиындатуы мүмкін.

Түркиямен шекаралас маңайдағы Әл-Камышлы қаласындағы бұзылған аэродромға ресейлік әскери топтар, инженерлер барғаны анықталған.

Анкара өзіне жақын аймақта әскери базаның салынуын қолдамауы мүмкін. Әл-Камышлы курдтер тұратын аймаққа өте жақын орналасқан. Бұл жерде АҚШ пен өзге коалиция мүшелері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күрес жүргізіп жатыр.

Өткен жылы қыркүйек айында ресейлік әскери топ ресми түрде Сирияға кірерден бірнеше күн бұрын, Мәскеудің барлау тобы дәл осылай Латакии аэродромын келіп тексеріп кеткен. Әзірге ресейлік қарулы күштердің Әл-Камышлы қаласына кіруі байқалмайды. Америкалық өкілдер бұл уақыттың мәселелесі дейді.

XS
SM
MD
LG