Ссылки доступа

Олимпиада чемпионын бұзақылық жасады деп айыптайды


Бішкектің қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі (ҚІІБ) полиция қызметкерлері түнде «Лексус 330» автокөлігінің жүргізушісі 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Руслан Тюменбаевты тоқтатып, тергегені жөнінде хабарлады.

Ол көлікті құжатсыз жүргізген. Көлікті иесінен алып, айыппұл тұрағына қойған.

Милицияның айтуынша, Тюменбаев бірнеше уақыттан кейін көлік тұрағына қайта оралып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, тапаншамен қорқытқан. Бірақ оны тұтқындаған. Одан «Стример» травматикалық тапаншасын тәркілеген. Бірақ тапаншаны ұстап жүруге рұқсат етілген құжаты болмаған.

Спортшыны сол жерден Республикалық наркология орталығына алып барған. Сараптау нәтижесінде Тюменбаевтың мас болғаны анықталған.

Аталған оқиғаға байланысты «Суық қаруды заңсыз ұстағаны, сақтағаны үшін», «Билік өкілдеріне күш көрсеткені үшін» деген Қылмыстық кодекстің баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Руслан Тюменбаевты Бішкектегі тергеу изоляторына қамауға алған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG