Ссылки доступа

Тәжікстан Ауғанстанмен шекарадан арнайы бөлімше құрды


Тәжікстан парламентінің депутаттары шекара әскерінің жанынан арнайы бөлімше құру жөніндегі заң жобасын қабылдады.

Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) бас шекаралық басқармасының жанынан Ауғанстанмен шекарадағы аймақтағы жағдайдың қиындай түскеніне байланысты арнайы барлау бөлімшесі құру жөнінде ұсыныс білдірілген.

Бұл жөнінде 22 қаңтарда Тәжікстанның төменгі палатасында МҰҚК шекара әскері басқармасының басшысы Раджабали Рахмонали мәлімдеді.

Рахмонали «Ауғанстанмен шекарадағы жағдай алаңдаушылық туғызып отыр. Шекарадағы Ауғанстанның Кундуз, Тахар және Бадахшан елдімекендері Талибанның бақылауында. Бұл жерлерден арнайы барлау бөлімшесін ашу қажеттілік» деп мәлімдеді.


XS
SM
MD
LG