Ссылки доступа

Тәшкентте хиджаб киген жүргізушілерге айыппұл төлеп жатыр


Тәшкент қаласының тұрғыны Наргизаның айтуынша, МАИ инспекторлары оны тек көлікте хиджаб киіп жүргізгені үшін айыппұл салған.

Алайда Тәшкент қалалық ішкі істер басқармасы, жол қауіпсіздігі бөлімінің баспасөз қызметі хиджаб киген жүргізушілерге қарсы рейд жүргізіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарады.

Алдын Азаттықтың өзбек қызметі құқық қорғау органдарының қызметкерлері хиджаб киген әйелдерге ұлттық дәстүр бойынша тек орамал тағып жүруді талап етіп жатқаны жөнінде хабарлаған болатын.

Өткен жылдың желтоқсан айында БАҚ құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық орындарда хиджаб киген келіншектерді тоқтатып, 700 мың сом (қазіргі есеп бойынша 114 АҚШ доллары) айыппұл төлетеміз деп немесе бас тартса 2 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылсандар деп қорқытып жатқаны жөнінде жазған болатын.

Алайда жергілікті мәслихат өкілдері хиджаб киген әйелдермен жұмыс қалалық билік өкілдерінің тапсырмасы бойынша жүргізілгенін мойындады.

2015 жылдың қыркүйек айында Тәшкенттегі №2 перзентханада жұмыс істейтін қыз-келіншектерге жұмысқа орамал тағып келуші болмаңдар, жұмыстан қуыласыңдар деген талап қойған.

XS
SM
MD
LG