Ссылки доступа

Қырғызстан Түркиямен сауда жасауға бағдар ұстанады


Қырғызстан Түркиямен жан-жақты және сауда-экономикалық байланыстарын тереңдетуге баса назар аударады.

Бұл туралы Анкарада Түркияның даму министрі Джевдет Йылмазбен кездесуінде министр Арзыбек Кожошев мәлімдеді. Өз кезегінде Джевдет Йылмаз өзара түсіністік, құрмет және қолдаудың арқасында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқанын атап кетті.

Түркия Қырғызстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі боп табылады. 2015 жылдың 11айының нәтижесі бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 232,8 миллион АҚШ долларына жеткен, оның ішінде экспорт - 77,6 миллион, импорт – 155,2 миллион АҚШ долларын құрайды.

XS
SM
MD
LG