Ссылки доступа

ЕО шекаралық бақылауды күшейтуді талқылауда


Босқындар дағдарысы еуропалық саясаткерлерді шекарадағы тәртіп мәселесін қайта-қайта көтеруге мәжбүр етуде.

Еуроодаққа мүше бірқатар ел Шенген аумағындағы шекаралық бақылауды ұзартуды қолдайды. Welt am Sonntag басылымы дипломатиялық дереккөздеріне сүйене отырып, бұл елдердің қатарына Германия, Австрия, Дания, Бельгия және Швеция жататынын хабарлады. Қаңтардың 25-де Амстердамда өтетін ЕО елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде шекаралық бақылау мерзімін ұзартуды заңнамалық рәсімдеу мәселесі көтерілуі мүмкін.

Жаңа шаралар қабылданса, қазіргі ережеге сәйкес, 2016 жылы мамырда шекарасындағы бақылауды алып тастауға міндетті Германия бақылау тәртібін тағы бір жарым жылға ұзарта алады.

ЕО аумағында бұдан да қатаң шараларға бару туралы ұсыныстар айтылуда. Австрия СІМ басшысы Йоханна Микль-Ляйтнер Грекияны Еуропа ішіндегі еркін жүріп-тұру туралы келісімнен шығарып тастайтынын айтып ескертті. Ол грек-түрік шекарасында бақылау орнатудың мүмкін еместігі туралы уәжді – "құр аңыз ғана" деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG