Ссылки доступа

ИМ Париж терактілері туралы видео таратты


"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Парижде қараша айында болған терактілерге қатысы бар тоғыз содыр түскен видеоны таратты.

Интернетте жарияланған видеода содырлар ИМ-ге қарсы коалиция құрамындағы елдерге, оның ішінде Ұлыбританияға қоқан-лоқы көрсетеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, видеода Париждегі шабуылдарға қатысы бар төрт Бельгия азаматы, үш Франция және екі Ирак азаматы бар. Видео Ирак немесе Сирияның шөлді аймағында түсірілген. Онда Париждегі шабуыл жасалған жерлерден және француз құқық қорғау орындарының шабуыл кезіндегі арнайы операциядан түсірген суреттері көрсетіледі.

Бұған қоса, видеода тоғыз содырдың түрлі айуандық әрекет жасап жатқаны, оның ішінде кепілге алынғандар деп сипатталған адамдарды өлтіріп, атып жатқаны көрсетіледі.

2015 жылы 13 қараша күні Парижде бірнеше теракт жасалып, 130 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG