Ссылки доступа

Тәжік әртісі Ресейде 16 жылға сотталды


Ресейдің Пермь қаласының соты тәжік әртісін заңсыз есірткі айналымы үшін 16 жылға соттады.

Оның аты-жөні айтылмайды. Бірақ 2014 жылдың қыркүйек айында БАҚ-та тәжік әншісі Кахрамон Шарифзоданың ұсталғаны жөнінде ақпарат шықты. Сол кезде ресейлік телеканалдар репортаждарында оның «Оре» бейбаянын көрсеткен болатын.

Пермь қалалық прокуратурасының хабарламасында сотталушы 2014 жылдың қыркүйек айында Пермге келгенін, сол жерде 100 граммнан артық героинді сатпақ болған жерде құқық қорғау органдары тарапынан қолға түскені айтылған.

Алдын Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі Шарифзоданың заңсыз есірткі айналымы үшін Ресейде тұтқындалғанын растаған. Ол шоу-бизнестің өкілі болып табылады. ІІМ мәліметі бойынша, Шарифзода Хатлон облысы, Руми ауданының тумасы. Ол ІІМ-нің «есірткі пайдаланатын әрі сататындардың» тізімінде болған екен.

Алайда Шарифзоданың туыстары мен достары оның Ресейге жаңа бейнебаян түсіру мақсатында барғанын айтады.

38 жастағы Шарифзода шоу-бизнеске төрт жыл бұрын келген. Осы аралықта ол бес бейнебаян түсірген.

XS
SM
MD
LG