Ссылки доступа

Әндіжан билігі кептелістен шаршады


21 қаңтардан бастап Әндіжан қаласында жолаушыларды Ескі қала мен Жаңа базарға жеткізетін «Дамас» таксиінің қозғалысына тыйым салды.

Жол қауіпсіздігін сақтайтын инспекторлар аталған аймақтың жолдарында тұрып, «Дамас» таксиінің жүргізушілерін тоқтатып жатыр.

Жергілікті әкімдік «Дамас» таксиінің орнына қоғамдық көлікті жіберген. Алайда жергілікті тұрғындар автобус үнемі кешігіп келеді, салон жолаушыларға толы деп шағымданады.

«Дамас» таксиінің құны да арзан емес, бұрын 500 соммен ( шамамен 8 центпен) қалаған жеріңе жете алсаң, қазір 1000 сом тұрады (шамамен 16 цент). Сондықтан көптеген қала тұрғындары қазір жаяу жүреді.

XS
SM
MD
LG