Ссылки доступа

Норвегияда мигранттар тағдырын талқылап жатыр


Норвегияның билігі Ресейден келген босқындарды елдеріне депортациялауды уақытша тоқтатты.

Бұл жөнінде Норвегия СІМ хабарлайды. Мекеме өкілдерінің айтуынша, Ресей босқындардың қайта оралуын «жан-жақты талқылауға» ниетті екен.

Өткен аптада Норвегия Ресейден келген босқын мәртебесін алуға ниетті мигранттарды қайтадан елдеріне жіберуді бастаған.

Өткен жылы бес мыңнан астам Сириядан, Ауғанстаннан және Ирактан келген мигранттар Мәскеу, Мурманск және Никель арқылы Норвегияға өткен. Би-би-си-дің хабарлауы бойынша, ресейлік заңға сәйкес, шекараны жаяу өтуге тыйым салынған, сондықтан мигранттардың дені велосипед сатып алып, шекарадан өткен.

XS
SM
MD
LG