Ссылки доступа

Өзбекстанда өзіне қол жұмсау оқиғасы көбейіп кеткен


Самарқанд облысы Пастдаргам ауылында сегізінші сынып оқушысы Рустам Косимов өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасты.

Қайғылы оқиға 22 қаңтарда орын алған. 15 жастағы №82 орта мектептің оқушысы Рустам Косимов дарға асылып қалған.

Белгілі болғандай, баланың өліміне мектеп әкімдігі жартылай себепші болған. Мектептегі тексеру «жоғарғы жақтан» жақсы өту үшін, мектеп директоры Замира Усманова мұғалімдерден ақша жинайды. Мектепте мұғалім болып істейтін Рустамның анасы да ақша берген. Сол үшін Рустамның әкесі анасын қатты соққыға жыққан. Бала анасын құтқармақ болып, көрші үйге ұрлыққа түседі. Кейін Рустамның ісі әшкере болғанда, ол өзіне қол жұмсаған, - дейді мектеп мұғалімдері.

Кейін белгілі болғандай, Рустам Косимов тыныс демікпесі ауруымен ауырған. Сабақ үлгерімі нашар болған.

Самарқанд облыстық прокуратураның кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеу комиссиясы жасөспірім арасында суицидтің өскенін айтады.

Пастдаргам ауылында өзіне қол жұмсаған тек Рустам Косимов емес. Өткен жылдың қазан айында 7 сынып оқушысы Сохиба Туримова да өзіне қол жұмсаған.

XS
SM
MD
LG