Ссылки доступа

Сирияға қатысты келіссөз күрделі әрі ұзаққа созылатын секілді


25 қаңтарда Женевада белгіленген Сирияға қатысты келіссөз 29 қаңтарда өтетін болды. Бұл жөнінде БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлімдеді.

Келіссөз Башар Асад билігін қолдайтын Ресей мен Иранның қайшылығынан кейінге шегерілген. Олар оппозиция атынан кімдердің қатысатыны жөнінде ортақ келісімге келе алмаған. Де Мистура оппозиция өкілдеріне шақырту 26 қаңтарда жіберіледі деді.

Де Мистураның айтуынша, келіссөздің бірінші кезеңі екі аптадан үш аптаға дейін созылады, ал барлық процесс алты айға созылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG