Ссылки доступа

Алматы маңынан шетелдік туристің денесі табылды


Алматы маңындағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортында шетелдік туристің денесі табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт - екі күн бұрын жоғалған польшалық туристің денесі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, Польша азаматының денесі бүгін таңертең Талғар шатқалының бөктерінен табылған. Турист суықтан жан тапсырған.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары 24 қаңтарда Шымбұлақ маңында Польшадан келген туристің жоғалып кеткенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG