Ссылки доступа

Душанбеде мүлікті тәркілеуге қатысты дау


Душанбеде сотталған кәсіпкер Зайд Саидовтың туыстары сот орындаушылары келіп, Жоғарғы соттың шешімі бойынша, үйді босатуды талап еткенін хабарлайды.

Сотталушының үлкен ұлы Хайрулло Саидов Тәжікстан Жоғарғы сотының шешіміне сәйкес, отбасының 25 мүшесі үйсіз қалуы мүмкін.

Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 57-бабына сәйкес, тек сотталушының мүлкі ғана тәркіленуге жатады. Алайда қазір сотталушының әкесі жағынан туыстарының үйлерін де тәркілемекші.

Әзірге билік бұл оқиғаға түсініктеме берген жоқ. Алайда Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Зайд Саидов 29 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның барлық дүние-мүлкі экономикалық залал келтіргені үшін тәркіленуге жатады делінген.

56 жастағы Саидов 2013 жылдың мамыр айында «Тоджикистони нав» («Жаңа Тәжікстан») партиясын құру туралы мәлімдеген соң ұсталған. 2013 жылдың желтоқсан айында оған қызметін асыра пайдаланды, коррупциямен айналысты, адам зорлады деген айыптар тағып 26 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда былтыр шілде айында Жоғарғы сот бұл жазаға тағы да үш жыл қосты.

Зайд Саидовтың жақтастары бұл жазаның саяси астары бар деп есептейді.

XS
SM
MD
LG