Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы чекистің сайтын жапты


AsiaTerra интернет-басылымының жазуынша, www.12news.uz ақпараттық ресурсын президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы қызметкері Дильшод Нуруллаев жүргізген. Алайда қазір бұл сайтты ашу мүмкін емес.

AsiaTerra-ның мәліметінше, www.12news.uz сайтына күніне кем дегенде 10 мың адам кірген. Бұл республикадағы жоғары лауазымды тұлғалар өмірі жайында және олар туралы хабар беретін жалғыз сайт. Атап айтқанда сайт «діншілдердің» ұсталуының артында қандай күштер тұрғандығын жазады.

Сайт төрт жыл көлемінде жұмыс істеген. Президент Каримов Астанаға ресми сапармен барғаннан кейін, сайт «Тәшкентте қазақ мәдени орталығы жабылды» деген мақала жариялайды. Осыдан кейін сайт бірден жабылған.

XS
SM
MD
LG