Ссылки доступа

Санкт-Петерборда бұрынғы танымал өзбек қылмыскері ұсталды


Ресейдің тәртіп сақшылары қылмыс әлемінде «Мәскеулік Хусан» деген атпен белгілі 60-жастағы өзбек кәсіпкері Хусан Зиямухаммедовты ұстап, тергеді.

Темір торға түспеу үшін Хусан қылмыстық әлеммен байланысын үзгенін айтқан және өзінің қуанышына орай әңгімелесуден соң босатылған.

«Прайм-крайм» басылымы «беделді ұры» атағынан бас тартқан «Ташкенттік Хусан» атымен танымал Зиямухаммедовтың Ташкент, Мәскеу және Петербург қалаларында бірнеше пәтері барын жазады. Ол бұрын өлтірілген ТМД-ның қылмыстық әлемінің көсемі - «Дед Хасанның» (Аслан Усоян) жақын серіктерінің бірі болды, бірақ полициямен әріптестік орнатқан соң, қылмыс әлеміндегі беделінен айырылды.

Тағы бір дереккөз Минск Конвенциясына сәйкес, Өзбекстанға депортациямен қайтарылудан сескенген Хусан Зиямухаммедов Ресейден Италияға қоныс аударуды көздегені туралы хабарлайды. Өзбекстанда 60 жастағы Зиямухаммедовке қарсы Ресейге заңсыз ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтті, шетелдік валюталарды саудалады деген айыптармен қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG