Ссылки доступа

 Қырғызстанда ақпанның 1-нен бастап тіркелмеген байланыс абоненттерін өшіреді


Mobile phone. Photo Shutterstock
Mobile phone. Photo Shutterstock

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік байланыс агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байланыс агенттігі SIM карталарды тіркеу 2016 жылдың қаңтардың 31-не дейін жалғасатынын ескертуде.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, байланыс операторлары өздерімен жазбаша келісім жасаған абоненттерге ғана қызмет көрсетулері тиіс. Тіркелмеген қолданушы ұялы байланыстан ажыратылады.

Бұған дейін Қырғызстанның статистика комитеті 6 миллион тұрғыны бар елде ұялы байланыстың 7,5 миллион белсенді абоненті барлығы туралы хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG