Ссылки доступа

Ресей Сириядағы екінші  база туралы хабарды жоққа шығаруда


Ресейдің қорғаныс министрлігі Сирияда екінші әуе базасын салу жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ Ресейдің Сирияның солтүстік-шығысындағы Түркиямен шекаралас Камышлы ауданында база салуға дайындалып жатқаны туралы хабар таратқан еді.

Министрліктің баспасөз хатщысы генерал-майор Игорь Конашенков бұл ақпаратты жоққа шығарды. Мәскеу Сириядағы әуе соққыларын бастаған қыркүйек айынан бері, ресейлік әскери ұшақтары Латакия провинциясындағы Хмеймим әуе базасынан шамамен алты мың мәрте ұшқан. Конашенков Хмеймим базасындағы ресейлік ұшақтардың Сирияның кез келген нүктесіне жарты сағат ішінде ұшып жететінін айтты. Сондықтан тағы бір база салудың қажеті жоқ.

Ресейдің әуеден жасағн соққылары Сирия президенті Башар Асадтың әскеріне өткен аптада шабуылға шығып, сириялық оппозицияның қолындағы бірқатар маңызды ауданды тартып алуға мүмкіндік берді. Бұл жетістік қаңтардың 29-да Женевада өтеді деп белгіленген келіссөздер қарсаңында сириялық үкіметтің ұстанымын күшейтіп отыр.

XS
SM
MD
LG