Ссылки доступа

Ауғанстандағы "Бачабази" немесе "Биші балалар"


Ауғанстан билігі «бачабази» дейтін заңсыз дәстүрге, басқаша айтқанда кәмелетке толмаған балаларды әйел кейпінде билеуге мәжбүрлеу секілді зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алмай отыр.

Бұл елде жас балаларды мерекелік кештерге әйел киімінде билеу үшін көп ақша беріп шақырады, оның соңы баланы зорлаумен аяқталады. Көпшілік мұны бұрыннан келе жатқан "бачабази" яғни "балалармен ойын" дәстүрімен ақтауға тырысады. Мұны басынан өткерген балалардың айтуынша, оларды осындй жолмен жезөкшелікке, секс құлдыққа мәжбүрлейді.

Ауған құқық қорғаушыларының айтуынша, заңсыз әрі масқара дәстүр жасөспірімдерді ұрлаудың себебіне айналған. «Оларды ұрлап әкетіп, басқа провиницяға апарады да, секс құлдықта ұстайды», - дейді Ауғанстандағы адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз Комитеттің басшысы Сима Самар.

Талибан билік құрған кезде гомосексуалдығы үшін және музыка ойналатындықтан «бачабазиға» тыйым салынған еді, алайда олар кетісімен дәстүр жанданып сала берген. Билік "бачабази" жайттарын анықтаудың қиындығын, кінәлілерді ұстай алмай отырғандарын айтады. Бірақ мына бейнекөріністе полиция қызметкерінің әйел киіміндегі баланы билеуге мәжбүрлеп жатқан сәті түсіп қалған. Ауғандардың көбі елде кедейлік жойылып, тұрақтылық орнамайынша, "бачабази" дәсүрін тоқтату мүмкін емес деп санайды.

XS
SM
MD
LG